KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Бастауын сырдан алған жыр дариясы» - әдеби вернисаж

     Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі «Тәжібаев оқулары» аясында 3 ақпан күні Әбділда Тәжібаевтың поэзиясына арналған «Бастауын сырдан алған жыр дариясы» атты әдеби вернисаж өткізді. Шара орыс және қазақ тілінде өтті.

     Қазақ әдебиетінің тарихында көрнекті орынға ие болған ақын-жазушының бірі – Әбділда Тәжібаев. Ә. Тәжібаев - ақын, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, толағай ақын, толастамас жыр иесі, сыр елінің ардақты ұлы. Ақынның Қызылордаға, туған жеріне арнап жазған өлеңдерінің бәрі де шуақты сезімнің, нәзік жүректің мөлдір әуендер секілді, қуаныштан жаралатын көздің мөлдір жасы секілді.

     Әбділда жазып жүрген өлеңдерден басқаша шыққан жаңа өрнегі, сырлы, күйлі өлеңі «Сырдариядан» басталады деуге болады. Бұл ақынның өзі туған өлке, өзеніне – Сыр бойына арналған өлеңі. Сезіміне күйі сай, тақырыбына тілі сай, қысқа әсем әндей шыққан анық көркем жыр.

     Әдеби шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің классигі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау. Жас жеткіншіктерге қазақ әдебиетін насихаттау арқылы өнегелік, патриоттық тәрбие беру.

    Әдеби вернисажда №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің, №7 және №211 орта мектептердің оқушылары белсене қатысты. Вернисаж кітапханашының Ә.Тәжібаевтың өмір жолы, шығармашылығы және ұлттық әдебиетке қосқан үлесі туралы баяндамасынан басталды. Балалар ақының өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды. Сонымен қатар оқушылар ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқып, ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, «Толағай» поэмасынан шағын қойылым көрсетті. Әдеби шара барысында оқушылар Ә.Тәжібаевтың өмір жолына және шығармашылығына арналған слайд-шоуды тамашалады.

 

 

 



03 ақпан 2016 ж. 10:37
0 қарау
Пікір қосу
Аты-жөні: *
E-mail: *
Пікір:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Кодты енгізіңіз:
x