Әдістемелік ұсыныстарОНЛАЙН ОРТАЛЫҚТА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Пайдаланушы онлайн орталық орналасқан жердің кітапханашысына тіркелуі тиіс, ол үшін тиісті құжаттарды ұсынады (Аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, тапсырыс/кеңес тақырыбы т.б.). Жұмыс істеп болған соң, пайдаланушы қол қою арқылы Тіркеу журналына тіркелген жазбаларды куәландырады; 2. Компьютер немесе Интернетте жұмыс істеу уақыты мен ұзақтығын пайдаланушылар санына (бар болса), сондай-ақ, онлайн орталық тренингтері мен семинарлары кестесіне байланысты кезекші кітапханашы белгілейді. Минималды жұмыс істеу уақыты – 30 минут. Пайдаланушылардың жұмыс істеу уақытына компьютер кезегін күтуші, жабдықтың келеңсіздерін немесе төтенше оқиғаларды күтушілер болмаса шектеу қойылмайды. 3. Онлайн орталық жұмысын ұйымдастыруда басымдылық онлайн орталық миссиясына жауап беретін алдын-ала жоспарланған тренингтер мен кеңестерге беріледі: -кәсіпкерлік мәселесі; -мақсатты топтар: кәсіпкерлер, жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мұғалімдер, дәрігерлер, аз қамтылған және тұрғындардың өзге де топтары, мемлекеттік қызметкерлерді электронды оқыту; -жұмысқа орналасу мәселелері. 4.Сыртқы ақпарат тасымалдау құрылғыларын (компакт-дискі, флеш-карта т.б.) пайдалану барысында алдын-ала вирусқа тексеру қажет, қажет болған жағдайда тасымалдауышты тазалау керек. 5.Онлайн орталық миссиясына жауап беретін мазмұндағы материалдар ғана басылып шығарылады және көшірмесі жасалады. 6. Онлайн орталықтың техникалық жабдықтары, жиһаздары мен баспа ресурстары ұқыпты пайдалануы тиіс. Жабдықта келеңсіздіктер пайда болса, онлайн орталық қызметкері көмегіне жүгініңіз, компьютер/проектілік/көбейту техникасын өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. 7. Компьютер бағдарламаларын орнату тек онлайн орталық қызметкерлерінің рұқсатымен ғана жүзеге асады. 8. Онлайн орталықта қоғамдық тәртіп пен тазалық орнауы тиіс. Өзге пайдаланушылар, онлайн орталық қызметкерлерімен сыпайы болу қажет. 9. Ұялы телефон пайдалануға тыйым салу. Шылым шекпеу. Компьютерде жұмыс істеу барысында сусын мен тамақ өнімдерін пайдаланбау. 10.Жабдықтарды онлайн орталықтан тыс шығаруға болмайды. 11.Онлайн орталық миссиясына сәйкес келетін түрлі ұйым/мекеме және жеке тұлғалармен серіктестік құпталады. Ол мынадай іс-әрекеттегі және әлеуетті серіктестер: -БҰҰ Даму бағдарламасы (жоба аясында жабдықтар алынған, БҰҰДБ қызметкерлері мен өкілдерінің семинарлары мен кеңестері); -Бизнес-кеңесшілер (кеңестер, сондай-ақ, кәсіпкерлік мәселесі бойынша семинар мен тренингтер ұйымдастыру); -Кәсіпкерлік бөлімдері (кәсіпкерлік және шағын бизнес мәселелері жөнінде үкімет пен жергілікті билік органдарының жоспар мен бағдарламалары туралы ақпараттандыру; бірлескен семинарлар); -«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры (семинарлар мен кеңестер, «Даму» қорының конкурстары, бағдарлама мен жобалары туралы ақпараттандыру т.б.); -Жастар ұйымдары: жастар бастамасы орталықтары, жастар ҮЕҰ (жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, аз қамтылған отбасы балалары, мүгедектерге арналған онлайн орталық миссиясына сәйкес келетінсеминарлар мен тренингтер (3 п.); -Үкіметтік емес ұйымдар, білім беру орындары, оқыту орталықтары (ерекше топтағы тұрғындардың жеке әлеуетін дамыту үшін тренингтер, семинарлар, бірлескен бағдарламалар өткізу); -Жергілікті қоғамдастық дамуын қолдайтын өзге де ұйымдар.
Онлайн орталықтың тұрақты түрде жұмыс істеуі және қызмет түрлерін тиімді ұйымдастыру үшін онлайн орталық қызметкері төмендегілерді орындауы тиіс
Онлайн орталықтың кезекші қызметкерінің міндеттері: 12. Онлайн орталық жабдықтары мен өзге де барлық ресурстардың сақталуын және үнемі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 13.Әрбір келген пайдаланушыны, оның тапсырыс тақырыбын, уақытын, компьютер және Интернетте жұмыс істеу ұзақтығын тіркейді. Пайдаланушы жұмыс істеп болған соң, тіркелген мәліметті қолтаңбасымен куәландыруын қадағалайды. Осы мәліметтерді үнемі сканерлеп, есепке электронды көшірмелерін тіркеп отырады. 14.Топтар қалыптастырып, тренинг пен семинарлар кестесін жасайды, көрсетілген сұрақтар мен өткізілген жұмыстар бойынша ай сайын есеп береді. 15. Пайдаланушыларға жеке өзі немесе сала бойынша тиісті мамандарды шақыру арқылы, онлайн орталық миссиясына жауап беретін кеңес беру және оқыту жұмыстарын ұйымдастырады. Онлайн орталық ресурстары мен мүкіндіктері жайлы жарнама өнімдерін жасап, тұрғындарға таратады. 16. Онлайн орталық қызметі мен жұмысын БАҚ арқылы жылжытады: жарияланым, сұхбат беру, жаңалық сюжеттері т.б. 17. Жергілікті қоғамдастық қажеттілігі бойынша іс-әрекет пен талдау мониторингін өткізеді.
Құрметті әріптестер! Сіздер кез-келген тренинг, семинар немесе конференцияны жоспарламас бұрын, алдымен барлығын ойластырып алыңыз. Сізге қатысушы топтың қажеттілігін анықтап алу керек, ол үшін сауалнама жүргізіп, қатысушы дағдыларын ескеріп, олардың НЕНІ білгілері келетінін және НЕ ҮШІН қажет екендігін анықтайсыз. Өйткені, кей қатысушылар барлық тренингті өткісі келеді, алайда жаңа білім мен дағдыны қалай пайдалануды біле бермейді. Сондықтан, әр топта өзінің тренингтер сериясы болады, мысалы, кәсіпкерлер үшін: ДК, Word, Excel негіздері, Интернетте іздеу және желілік қатынас. Бұл орайда, кәсіпкерлерге арналған тренингтің жұмыссыздар мен мүгедек-балаларға арналған тренингтерден айырмашылығы бар екендігін есте сақтау керек. Кәсіпкерлер үшін интернеттен өз бизнесіне ұқсас ақпарат алу немесе шикізат нарығы, тауар сату нарығы, хабарландыру тақтасына хабарландыру орналастыру т.б. жөнінде мәлімет алу маңызды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер http://egov.kz/ - мемлекеттік онлайн қызметтер порталы жайлы білулері керек, ол қажетті анықтаманы ақысыз алу және е-үкіметі порталы арқылы төлемдер жасау үшін қажет. Электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) алу жөніндегі тренинг те маңызды, ал егер ЭСҚ бар болған жағдайда, оны пайдалану арқылы анықтама алу және интернет арқылы төлемдер жасау тренингі өткізіледі. Power Point бойынша тренингтің олар үшін қажеті болмас, сондықтан олардың да, өзіңіздің де уақытыңызды үнемдеңіз. Кәсіпкерлерге Excel, Скайп және Mail.Ru Агент жөніндегі тренингтер әлдеқайда тиімді. Біз төменде тренингтер, семинарлар мен кеңес түрлерін ұсынамыз. Дегенмен, құрметті әріптестер, Сіздер өз мүмкіндіктеріңізге қарай оқыту бағдарламасы тақырыптарын өзгерте аласыздар. Сәттілік тілейміз!
Компьютер тренингтері (тренингтер ұзақтығы топқа байланысты, егер топ жылдам қабылдаса, 10 сағаттың орнына 4 немесе 6 сағат өткізуге болады): 1. Компьютерде жұмыс істеу негіздері (қосу/өшіру, папкалармен жұмыс – құру/атауын өзгерту, орнын өзгерту, терезелермен жұмыс т.с.с.). 2. Word бағдарламасында жұмыс істеу негіздері (құру/сақтау/құжаттарды редакциялау, сурет, кесте т.б. нысандар қою); 3. Excel бағдарламасында жұмыс істеу негіздері (енгізу/мәліметтерді редакциялау, формулалар енгізу және қарапайым әрекеттер); 4. Сканерлеу және электронды нұсқаға көшірілген құжаттарды түрлі форматтарда сақтау негіздері; 5. Power Point бағдарламасында жұмыс істеу негіздері; 6.Интернетте ақпарат іздеу негіздері; 7.Фотосуретті редакциялау негіздері: көлемін, түсін өзгерту, Paint, InfanView т.б. бағдарламаларды пайдалану; 8.Желілік қарым-қатынас: Mail.RuАгент, Скайп, электронды поштаны пайдалану; Бұл семинарларды қысқамерзімді бірнеше шағын семинарларға бөлуге болады, мысалы: -Электронды пошта: пошта жәшігін ашу, хабарлама жіберу, түрлі форматтағы қосымшалармен жұмыс. -Лездік хабарлама алмасу бағдарламаларымен жұмыс: Mail.Ru Агент, Скайп; -Әлеуметтік желілермен жұмыс: Мой Мир, Фейсбук, Твиттер.
Интернетті пайдалану арқылы қысқамерзімді семинарлар: 9.Е-gov.kz – электронды үкімет порталымен жұмыс (интерфейспен танысу, жеке және заңды тұлғаларға арналған онлайн қызметтер, барынша танымал электронды қызметтер т.б.); Бұл семинарды шағын семинарларға бөлуге болады, мысалы: -бизнеске арналған онлайн қызметтер (заңды тұлғаларға), -азаматтарға арналған онлайн қызметтер (жеке тұлғаларға), -мемлекеттік органдар бойынша қызметтер (ҚР Министрлігі). 10.Кәсіпкерлік пен шағын бизнесті қолдауға бағытталған ұйымдар мен қорлар веб-сайттарымен танысу («Даму» қоры, Шағын бизнесті қолдаудың виртуалды орталығы т.б.); 11.Электронды сандық қолтаңбаны қалай алуға болады? 12.«Даму»қорының типтік бизнес-жоспары; 13.«Даму» қоры, банктердің несие беру бағдарламалары; 14.Сәтті түйіндемені қалай құруға болады? 15.Интернеттен жұмыс іздеу: түйіндемені е-майл-мен жіберу және хабарламаның виртуалды тақтасына орналастыру, жұмысқа орналасу бойынша онлайн тіркелу және есепке тұру;
Кеңестер: 1.Онлайн қызметтерді қалай пайдалануға болады (мысалы, зейнеткерлік аударымдар туралы анықтама)? 2.Жол ережесін бұзу жөніндегі айыппұлды интернет арқылы қалай төлеуге болады? 3.Туу туралы анықтама алу үшін бажды қалай төлеуге болады (немесе туу туралы куәлікті қайта алу, бала асырап алу туралы анықтама)? 4.Жүктілік демалысын қалай ресімдеуге болады? 5.Әйелдерге бала туу кезіндегі төлемдер және балаға қарау кезіндегі жәрдемақылар қалай төленеді? 6.Әлеуметтік төлемдерді қалай есептеуге болады? 7.Балаларға арналған жәрдемақы қалай есептеледі? 8.Т.с.с. Осы және өзге де кеңестерді Сіздер мемлекеттік онлайн қызметтер веб-сайты негізінде бере аласыздар - e-gov.kz.
Кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңестер (оларға бизнес-кеңесшінің жауап бергені дұрыс, алайда кейбіреуіне кітапханашы да жауап бере алады) 9.Бизнес-жоспарлау негіздері («Даму» қорының типтік бизнес-жоспары» веб-парағы негізінде) ; 10.Бизнес-жоспар құрылымы; 11.Нарық талдауы немесе Оң/теріс жақтары және өз ісіңді ашпас бұрын нені білу керек? 12.ЖК, ЖШС ашу әрі тіркеу үшін қажетті құжаттар тізімі (веб-сайттарға сәйкес материалдар негізінде); 13.Жаңадан бастаған кәсіпкерлерге жеңілдіктер мен субсидиялар; 14.Салық салу жүйесі; 15.және т.б.
|