24 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Туған жерім– Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған облыстық эссе байқауының қорытындысы болып өтті. Мақсаты - жас жеткіншектерді сөз саптауға, лексикалық сөздік қорын кеңейтуге, жүйелі ойлауға бейімдеу.
Байқауға қала және аудан мектептерінің оқушылары қатысып бақ сынасты. Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып I дәрежелі дипломды Қызылорда қаласы Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Берікбайқызы Бегім иеленсе, II дәрежелі дипломды «Baiterek school kz» жеке мектеп интернатының 8 сынып оқушысы Дюсен Кәусар мен Арал ауданы №82 орта мектептің 7 сынып оқушысы Жұмадин Нұрдана, III дәрежелі диплом Сырдария ауданы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Әділхан Нұртөре, Жалағаш ауданы №201 Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Мәди Орынбек, қалалық №173 Ә.Молдағұлова атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Бауыржан Константинге бұйырды. «Тіл шеберлігі» номинациясымен Қармақшы ауданы Ақжар ауылы №28 мектептің 8 сынып оқушысы Бибітов Рамазан мен Қазалы аудандық М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушысы Оразбай Әмина марапатталды. Шара соңында қатысушылар естелік фотоға түсті.