Жылқаман батыр
Зейнолла Шүкіров «Сыр бойы» романында Жылқаман ерлігінің бір парасын келтіріп өтеді. Онда 65 жыл бойы халқының қамы үшін Ақшұбарын асынып, аттан түспеген алты Әлімнің ардақтысы батыр бабаның соңғы жорығы жайында айтылады. Жылқайдар батырдың кегін қайтаруға барған жорық кезінде жас Жанқожа жекпе-жекте жеңіп көзге түседі. Батыр оған «біздің бастан тайған бақты, саған берсін, тәңірім» деп батасын берген екен. 1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ғылыми экспедициясы Арал теңізінің шығыс жағалауындағы теңіздің түбінде қалған корымның орнынан Самарқанның көк тасынан қашалған құлыптас тапты. Араб һәріпімен жазылған белгі құлыптастың Жылқаман батырдікі екендігін анықтады. Онда батырдың туған, өлген жылдары 1712-1790 деп көрсетілген. Құлыптас Қызылордаға әкетілді. Жылқаманның ержүрек батырлығы жөнінде көптеген аңыз әңгімелер ел арасында айтылып келеді. Жылқаман батыр жауға кездескенге дейін атының тартуы тартпасыз, ауыздығы салусыз, мылтығы оқтаусыз, ешқандай дайындықсыз келеді екен. Бірақ жау көрінген кезде, барлығы дайын болып, жауға қырғидай тиеді екен. Қартайған шағында келген ағайындары одан: «Бұл дүниеде қандай арманыңыз бар?» – деп сұрапты. Сонда қарт батыр: «Мылтықтың түтінін түтініне қостым, бірақ оғына оқ қоса алмадым», – деген екен. |
|
История библиотеки
АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Май 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |