Қазанбаева Шырынкүл 12 қыркүйек 1920 жылы Шиелі
ауданы Н.Бекежанов ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері. Социалисттік Еңбек Ері (1972).
1940 жылы Шиелі МТС-ндағы 3 айлық тракторшылар курсын бітіріп ауданда 1-болып тракторға отырған әйел
адам. Тракторға отырып, тәулігіне 20 сағаттан жұмыс істепті. Осылайша, Нартай
ауылында әйелдер арасында темір тұлпарға отырған «тұңғыш механизатор» атанды.
Шырынкүл Қазанбаева 60-шы жылдары – «дала академигі» атанған даңқты күрішші,
екі мәрте Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтан тәлім алды. Н.Бекежанов ауылында күріштің
әр гектарынан 55 – 70 центнерден өнім алған. 1966 жылы есімі Қазақстанның
Алтын кітабына жазылды. Бірнеше рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және ондаған медальдармен, социалисттік жарыстың алтын,
күміс белгілерімен марапатталған.