«Жергілікті онлайн орталықтарға арналған медиа ақпараттық сауаттылық» семинар-тренингӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстағы ауылдық онлайн орталық кітапханалар қызметкерлеріне арналған «Жергілікті онлайн орталықтарға арналған медиа ақпараттық сауаттылық» атты семинар-тренинг өтті. Шараның негізгі мақсаты - кітапханашылардың біліктігін жетілдіру, ақпараттық медианы дамыту. Ауылдық онлайн орталық кітапханалар және мобильді мультимедиялық орталықтың жұмысын жандандыру. Семинар-тренингке облыстағы ауылдық онлайн-орталық және мобильді мультимедиялық орталық кітапханалардың қызметкерлері қатысты. Семинарды Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар-тренингте ақпараттық сауаттылықты жетілдіру әдістемесі, ақпаратпен жұмыс істеудің басты бағыттары талқыланды. Облыстық кітапхана қызметкерлері Қ.Досмағанбетова, А.Баймбетова әлеуметтік медиа және ақпараттық сауаттылық мәселелері туралы айтып, шеберлік сабақтарын өткізді. III-Интернационал онлайн орталығының қызметкері Р.Тұрманова, Мәдениет ауылдық онлайн орталығының қызметкері Г.Ділдабекова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. |
История библиотеки
АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Май 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |