«Спорт – біздің серігіміз» атты денсаулық сағатыӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастардың спортқа қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Спорт – біздің серігіміз» атты денсаулық сағатын ұйымдастырды. Кеш қонақтары киокушинкай-кан каратэден спорт шеберіне кандидат, ҚР чемпионы, ҚР кубогының иегері Саки Жеңісбек және дзюдодан спорт шеберіне кандидат, Халықаралық және Республикалық турнирлердің жеңімпазы Жұмабайұлы Ардақ қатысты. Шара аясында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. |