KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Авторлық және сабақтас құқық объектілері, өнеркәсіптік меншік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

    Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2021 жылдың 23 ақпан күні Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы көрсеткішін көтеру мақсатында «Авторлық және сабақтас құқық объектілері, өнеркәсіптік меншік мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

      Ұйымдастырылған шарада: Қызылорда облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Ұзақбай Оразгелді, «Қорқыт Ата» атындағы ҚМУ-нің «Технологияларды коммерциаландыру» бөлімінің бастығы т.ғ.к, қауымдастырылған профессор Шильдебаева Ляззат Қадырбекқызы, Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары Жаңғабылова Айгүл Есенқызы, Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Төлегенов Адилхан Қалмағанбетұлы баяндама жасады. Дөңгелек үстелде шараға қатысушылардың пікірлері тыңдалып,көптеген сұрақтар талқыланды.




 
23 февраль 2021 г. 18:46
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x