«Өлең –менің соғып тұрған жүрегім»
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әсем айшығы болып қаланған, сыршыл суреткершілікті ойшылдықпен ұштастырған, жан-жақтылығымен ерекшеленетін тұлғаларымыздың бірі Ә.Тәжібаев.
Ақын, қазақ поэзиясының заңғары, драматургияда да толымды еңбек жасап, ғылымда да өзінің дара сөзін айта білген. Асыл жырдың небір жауһарларын тудырған абыз ақынға арналып кітапханада «Өлең –менің соғып тұрған жүрегім» атты дәріс сабағы өтті. Мақсаты – ақынның шығармаларын оқырмандардың көзінен таса етпей жарқырата көрсету.
Қазақ гуманитарлық Заң және техникалық колледжінің оқытушысы Ізбасқанов Нұртуған Айтуғанұлы ақының өмірі мен шығармашылық жолы туралы баяндама оқыды. Кеште колледж студенттері ақын өлеңдерінен үзінді оқып, өз өнерлерін көрсетті. «Өлеңі – өмір нәрі» атты кең көлемді кітап көрмесімен танысты.
|