«Толеранттылық бейбітшілікке бастау»

   Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Толеранттылық бейбітшілікке бастау» атты оқырмандар конференциясын ұйымдастырды. 
  Конференцияға  қатысушылар толеранттылықтың сипаттары, төзімсіздік салдарынан қандай келеңсіздіктер туындайтыны туралы мәселелер қозғады.  «Қорқыттану және  өлке тарихы» ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары, техника ғылымының кандидаты, доцент  Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы   облыстық ұлттық орталықтары туралы әңгімеледі.
    Сонымен қатар, достық байланыс орнаған елдердің шекаралық аумақтарындағы халықтардың өз ара қарым – қатынасының мәні жайлы пікірлер айтылды.
    Конференцияға қатысушылар  «Менің елім – Мәңгілік Ел» атты кітап көрмесімен танысып, Қазақстанда қоныстанған халықтардың әдет- ғұрып, салт-дәстүрі жайлы мол мағлұматтар алды.
 

 


18 февраль 2015 г. 17:54
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: