«ЕЛГЕ СӘЛЕМ» жобасы Арал ауданында

27 қараша күні Арал ауданында Ә.Тәжібаев атындағы  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Елге салем» жобасы аясында «Ой-теңіз, сөз-маржан» атты кездесу кеші өткізілді. Кештің құрметті қонақтары:  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші-композитор Мұрат Сыдықов, Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы Жұмабай Жақып, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Толыбай Абылаев, ақын, сатирик Ерғали Абдуллаев. Шарада өнер және әдебиет иелерінің шығармалары жан-жақты насихатталып,  қаламгерлер әр жылдары жарық көрген кітаптарын облыстық кітапханаға тарту етті. Облыстық кітапхана атынан жергілікті ақын-жазушыларға сый-құрмет көрсетілді.
27 ноябрь 2023 г. 10:49
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: