«Кім жылдам?» логикалық ойыны

2 қараша күні облыстық кітапханада мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «Кім жылдам?»  атты логикалық ойындар жарысы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің интеллектуалдық ой-өрісін,  логикалық ойлау  қабілетін  дамыту, шығармашыл, еркін ойлай алатын, өз ойын тез тұжырымдай білетін жеке тұлға қалыптастыру. Ойын: «Кім тапқыр?», «Логикалық есептер», «Мақал-мәтел сайысы», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталатын бірнеше кезеңдерден тұрды. Осы кезеңдерден сүрінбей өтіп, бәсекеде бағы басым түскен Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектептің «Ақиқат» тобы жеңіске жетті. Көрермен ретінде №282 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, кітапхана бөлімдеріне саяхат жасады.
02 ноябрь 2023 г. 16:59
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: