KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі

       24 ақпан күні Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
      Мақсаты –  Алаш зиялысы, көрнекті тұлға, ағартушы, ғалым, педагог Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасымен еңбектерін насихаттау.
      Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) – қазақ ақыны, мемлекет қайраткері, әдебиеттанушы ғалым, ұстаз, аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Алаш Орда партиясының мүшесі. Шығармашылық жолын еңбекқор халықтың арман-мұңын, мұқтажын бейнелейтін өлеңдер жазудан бастады. Ақын жұртшылықты кітап оқуға, білім алуға, рухани дамуға, имандылыққа, мәдениеттілікке шақырды.
      Көрмеге кітапхана қорындағы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық қызметі және әр жылдары жазған шығармалары туралы материалдар: «Ақ жол» (1991), «Тіл тағлымы» (1992), «Жоқтау»(1993), «Жан сөзімді кім түсінер» (1994), «Жаңа Низам» (1996), «Қырық мысал» (2001), «Маса» (2005), «Бес томдық шығармалар жинағы» (2002), «Шығармалары» (2013) және 60-қа жуық кітаптарды қамтыған басқа да шығармалары мен фотосуреттері,  мақалалар қойылды.
24 февраль 2024 г. 11:42
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x