«Қазақ батырларының тағдыры. Жанқожа туралы тарихи ақиқат» атты дөңгелек үстел

      26 ақпан күні облыстық кітапханада Жанқожа Нұрмұхамедұлының 250 жылдығына орай «Әлімсақ» журналы мен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Қазақ батырларының тағдыры. Жанқожа туралы тарихи ақиқат» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны  ф.ғ.к., жанқожатанушы Н.Көбегенұлы жүргізді.
      Шараға жазушы, Арал және Қазалы аудандарының Құрметті азаматы  Б.Ұзақбаев, қоғам қайраткері С.Әбішев, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  С.Жұбатырұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облыстық филиалының басшысы Қ.Есімсейітова, өлкетанушы Ж.Байзақұлы, «Сыр медиа» ЖШС директорының м.а М.Аралбаев,  Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері А.Сайлау, тарихшы-педагог  Қ.Қыпшақбаев, басқа да зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Қонақтар Сыр елі ғана емес, исі қазақтың мақтан тұтатын, үлгі алар батыр қолбасшыларының бірі, қазақтың тәуелсіздігі жолында күрескен халық қаһарманы Жанқожа батыр туралы ой қозғап, пікірлерін білдірді. Белгілі жыраулар  Д.Жолымбетов, А.Тәңірбергенов және  М.Сүгірбай  елі мен жерін қорғауда ерен ерлік үлгісін көрсеткен Жанқожа батыр бабаның  жеңімпаздық жолын жыр жолымен өрнектеді. Шараны ғалым Н.Көбегенұлы ел басына күн туған кезде, батырлық пен батылдықты, ерлiк пен өрлiктi қатар ұстап, туған жерiнiң азаттығын аңсаған, ел бостандығы үшiн күрескен батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есiмi, батырдың ерлiгi халқымыз үшін үлгі-өнеге екенін айтып қорытындылады.
     Шара соңында  «Баба ерлігі - ұрпаққа өнеге» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Жанқожа батыр туралы деректерге толы кітаптар, әдеби шығармалар,  Н.Көбегенұлының жеке архивінен батыр туралы тарихи жырлардың латын, төте жазуларымен жазылған нұсқаларының көшірмелері қойылды.

26 февраль 2024 г. 11:49
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: