«Әйтеке би - парасат биігі» атты танымдық сағат

          28 наурыз күні облыстық кітапханада Әйтеке бидің туғанына 380 жыл толуына орай «Әйтеке би - парасат биігі»  атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
       Шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Қазақстан Телерадио Академиясының «Алтын жұлдыз» иегері Қ.Есімсейітова, №173 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектептің мұғалімі А.Балымбетова, тарих пәнінің мұғалімі Б.Байталова және Текей батыр Қарпықұлы атындағы Жоғары колледжінің оқытушысы Ш.Уәлиханқызы қатысты.
         Оқырмандарға ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан мемлекет қайраткері Әйтеке бидің өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беріліп, бейнеролик көрсетілді. «Билер сөзі – нақылдың көзі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
28 февраль 2024 г. 11:29
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: