«АЛҒЫС АЙТУ – ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ» атты кездесу

        Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «АЛҒЫС АЙТУ – ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ» атты кездесу ұйымдастырылды.
        Бүгінде Ұлы Дала төрінде, бір шаңырақтың астында 100-ден астам, ал Алаштың анасына айналған Сыр өңірінде 35 этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Олар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуіне аянбай еңбек етуде.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі.
     Шараға Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (PhD) ОМАРОВ Даулет Кәрібайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы ИБРАЕВ Мұхтар Айшықұлы, облыстық Татар ЭМБ жетекшісі ГИЗАТУЛЛИНА Галия Камильевна, облыстық өзбек ЭМБ жетекшісінің орынбасары АБДУГАФАРОВА Манзура Мадкаримовна, Қызылорда облысы ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” РММ қызметкерлері кітапханадағы оқырмандармен кездесуге келіп, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы көзқарастарымен бөлісті.          Шара соңында оқырмандарға «Қазақ еліне мың тағзым!» атты кітап көрмесі ұсынылды.
29 февраль 2024 г. 11:42
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: