«Ең көп оқитын колледж» атты әдеби сайыс

        29 ақпан күні облыстық кітапханада «Оқитын ұлт» мәдени жобасы аясында «Ең көп оқитын колледж» атты әдеби сайыс болып өтті.
       Мақсаты - колледж студенттерінің оқу сауаттылығын арттыру, кітапханаға тарту, кітап  оқуды кеңінен насихаттау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
       Әдеби сайысқа И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда  аграрлық- техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі, «Орда» жоғары колледжі және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Сайыс проза және поэзия жанры бойынша екі кезеңде өтті.
      Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі, І-орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжі, ІІ-орынды «Орда» жоғары колледжі, ІІІ-орынды М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі иеленді.
 «Көркем сөз оқу шебері» номинациясымен А.Серікбаева, «Шығармашыл оқырман» номинациясымен А.Сахи, «Ізденімпаз оқырман» номинациясымен Л.Мардан, «Талғампаз оқырман» номинациясымен Ш.Арсланбек марапатталды. Шараға белсене қатысқан қатысушыларға алғыс хаттар  табысталды.
         Оқырмандар назарына «Кітап - ұшқыр ой кемесі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
29 февраль 2024 г. 11:48
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: