«Ән кемеңгері – Кенен» атты жыр кеші

        29 ақпан күні облыстық филармониямен бірлесіп Қазақстанның халық ақыны Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Ән кемеңгері – Кенен» атты жыр кеші өткізілді. Боздаланың бозторғайы атанған Кенен Әзірбаев сан өнерді жарастырып тең ұстаған ұлы өнерпаз,  жырау әрі ақын, жыршы әрі күйші, әнші әрі композитор, шежіреші әрі ел мұрасын сақтаушы үлкен қайраткер, бірнеше танымал әндердің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі және 2 мәрте «Құрмет белгісі» орденінің иегері.
       Жыр кешіне филармония әншілері: халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ноғайбаева Ақмарал, дәстүрлі әнші-жырау, термеші Сүгірбай Марат, республикалық дәстүрлі ән конкурстары мен фестивальдерінің лауреаты Қуаңбаев Әділхан және  республикалық жыршы-термешілер байқауының жүлдегері Зульфия Баймурзаева қатысып, Кенен Әзірбаевтың бірнеше шығармаларын орындады.
       Тақырыпқа сай кітап көрмесі дайындалып, шара қонақтарына таныстырылды. Шараға қаламыздағы Өркениет және Авиценна медициналық колледж студенттері қатысты.
29 февраль 2024 г. 11:53
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: