«Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты тренинг

        1 наурыз күні облыстық кітапханада қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру және сыпайылыққа, адамгершілікке үндеу мақсатында «Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы» атты тренинг ұйымдастырылды.
          Шараға Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің оқушылары және П.Д.Осипенко атындағы №8 орта мектебінің педагог-психологтары қатысты.
        Шара барысында психолог С.Прімжанова және А.Әли қатысушыларға қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, сұлулық  қасиеттерін айқындай отырып «Қазақ қызы қандай болу керек?» атты жаттығу тренингін өткізді. Қыздар тренингке белсене қатысып, өз ойларымен бөлісіп, жақсы әсер алды.
Шара соңында қатысушылар «Қыз өмірдің гүлі» атты кітап көрмесімен танысты.
01 март 2024 г. 12:08
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: