«Наурыз - құт береке бастауы» атты кітап көрмесі

         14  наурыз  күні  кітапханада Көрісу күні - Амал мерекесіне арналған «Наурыз - құт береке бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
     Көрменің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін, тағамдарын, ойындарын насихаттай отырып, әр азаматтың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
       Амал мерекесі күні халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туған-туыс, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, төс қағысады. Бір-біріне деген өкпе - ренішті ұмытып, амандық тілейді. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Осындай салт-дәстүр – халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.
    Көрмеге қойылған кітаптар мен газет-журнал бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ.
14 март 2024 г. 18:41
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: