«Сыр Сүлейі - Ерімбет» атты әдеби кеш

         Ағымдағы жылдың 29 наурыз күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жырау, жыршы әнші, ақын, сал-сері Қарасақал Ерімбет Көлдекбайұлына арналған  «Сыр Сүлейі - Ерімбет» атты  әдеби кеш ұйымдастырылды.
          Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Дәстүрлі өнер және хореография" кафедрасының оқытушысы Марат Сүгірбай және М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
          Жиында Қарасақал Ерімбеттің Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырудағы ұшан-теңіз еңбегі, ақындық өнер жолын қалыптастырудағы күрделі кезеңдері сөз болып, жырлары мен насихат өлеңдерінен үзінділер оқыды.
        «Ұлағат сөзім ұрпаққа» тақырыбында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітаптары, жыр толғаулары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған зерттеу-мақалалар қойылды.
29 март 2024 г. 12:23
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: