12 сәуір күні облыстық кітапханада қазақтың батыр ғарышкері, Халық қаһарманы Талғат Мұсабавтың мемлекеттік туды ғарышқа алып ұшқанына 30 жыл толуына орай «Ғарышты бағындырған тарлан» атты патриоттық кеш ұйымдастырылды.
Есімі Қазақстан тарихы бетіне алтын әріппен жазылған Талғат Мұсабаевтың өмірі мен қызметін, ғарышты бағындырудағы ерлігін насихаттау.
Кешке Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессоры С.Дастанбек, 36/739 әскери бөлімінің аға лейтенаты Ж.Мукашев, лейтенат Д.Кашкенов, қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының педагогі А.Садықова келіп, ғарышкердің әр жылдардағы экспедициялары, ғарыш әлеміндегі ғылыми жұмыстары, Каспий теңізі мен Арал көлі маңының экологиялық жағдайына жүргізген зерттеулері жайлы сөз қозғады
Оқырмандар назарына «Қазақтан шыққан ғарышкер» атты кітап көрмесі ұсынылды.