«Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды

         17 сәуір күні  облыстық кітапханада  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай  «Тарихи ескерткіштер – ұлт құндылығы» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.
      Мақсаты–оқырмандарды тарихи-мәдени орындармен, ұлттық құнды жәдігерлермен таныстыру, оларды құрметтеуге, мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға баулу.
       Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Б.Ахметбек, «Ақмешіт» музейі филиалының ғылыми қызметкері Г.Әубәкір  және №257 орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Кеш қонақтары  ежелгі Сыр өңірінің қасиетті киелі орындары, тарихи ескерткіштері мен кесенелері, Қызылорда қаласындағы сәулет-өнер ескерткіштерінің тарихы, ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері  ескерткіштерді қорғау және оны келешек ұрпаққа аманаттаудың маңызы туралы баяндады.
          Оқырмандар назарына  «Ескерткіштер-тарих куәсі»  атты кең көлемді кітап көрмесі ұсынылды.
17 апрель 2024 г. 12:38
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: