Макияж жасау. Шеберлік сабағы

        17 сәуір күні  «Арулар әлемі» жобасы аясында қыз-келіншектер  өздеріне үй жағдайында беттеріне қолайлы күтім жасау, әдемілік үшін бет әрлеу бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – қыз-келіншектерге үй жағдайында да әдемілікті сақтауды, айналасына сұлулық сыйлауды үйрету, олардың  эстетикалық талғамдарын арттыру.
       Авиценна медициналық колледжінің студентеріне арнайы маман күндізгі және кешкі макияжды қалай жасау керектігімен бөлісті. Бет күтіміне байланысты түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, арнайы шақырылған маман тәжірибе арқылы әдістер көрсетті. Макияж жасау бойынша қажетті құралдарды қалай таңдау керектігі, терінің түрлері мен күтім ерекшеліктері  туралы көптеген әдіс-тәсілдермен бөлісті.
         Шара барысында тақырыпқа сай кітап көрмесі дайындалып, қыз-келіншектердің  бет күтіміне қажет әдебиеттер қойылды.
17 апрель 2024 г. 12:44
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: