«Бала тілін тапқан ақын» Шығармашылық кеші

             Балалар ақыны, ұстаз Рахат Наурызбаева 80 жаста
         30 сәуір  күні облыстық кітапханада ақын, ғалым, ұстаз Рахат Наурызбаеваның 80 жасқа толуына орай «Бала тілін тапқан ақын» атты шығармашылық кеші өткізілді.  
           Мақсаты - жас ұрпақты ақынның шығармашылығымен таныстыру.
        Шараға ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысындағы өкілі Қ.Есімсейітова, ақын, сазгер Д.Торғаева, жазушы Н.Рахмет, сазгер, ұстаз Л.Сүйінбаева, Т.Есетов  атындағы №264 мектеп-лицейінің, І.Қабылов атындағы №12 ІТ мектеп-лицейінің, Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің, К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гиназиясының, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің, «Your English shool» жеке бастауыш мектебінің оқушылары және «Жайна Құлыншақ» балабақшасының бүлдіршіндері мен тәрбиешілері  қатысты.
       Шара барысында мекеме басшысы Н.Мыңжас ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталып, кештің басты кейіпкеріне ықыласын білдірді.
       Шараға қатысқан балалар ақынның білімге, еңбекке, имандылыққа баулыған өлеңдерін жатқа оқып, «Дәптерлер көтерілісі» шығармасы бойынша  қойылым қойды. Сонымен қатар ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, би биледі. Ақын өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақ тілегін арнап, оқырмандармен естелікке суретке түсті.
        Шара соңында қатысушылар ақынның шығармашылығына арналған «Балғындарға жыр сыйлаған» атты көрмемен танысты.
30 апрель 2024 г. 13:26
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: