KITAPKHANA.KZ
kz ru

Тербеткен әлем бесігін, ардақта ана есімін

       Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықты. Осыған орай, облыстық кітапханада 10 мамыр күні «Тербеткен әлем бесігін, ардақта ана есімін» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.
     Шараға Қызылорда облысының мәдени, рухани дамуына өз үлестерін қосып жүрген «Бастаңғы» әжелер ансамблі қатысып, ардақты аналар мен қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтады. №268 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімдері әннен шашу шашып, жыр жолдарын арнады.
       «Ана – өмір шуағы» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды.
10 май 2024 г. 16:25
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x