26 қыркүйек күні облыстық кітапханада «Бір ел – бір кітап 2024» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына «Көңілден шыққан көркем туындылар» атты талдау ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шараға М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері қатысты. Студенттер қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына және повестеріне жеке-жеке тоқталып, түсінік берді. Өзінің шығармашылық жолын балаларға өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналғанын, сондай-ақ балаларға арналған бірнеше сценарий, пьеса жазғанын да айтып өтті. Сонымен қатар «Менің атым Қожа» повесіне жеке тоқталып, Қожаның бейнесін, сол повестегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлері туралы әңгімеледі.