5 желтоқсан күні облыстық кітапханада ерік-жігері мықты, өмірдің небір кедергілеріне қарамастан, өмір сүруге деген құштарлығымен ерекшеленген ерекше жандармен «Армансыз күнім болмайды» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқырман бойында қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, қамқорлық жасауға жетелеу.
Кеш барысында небір кедергілерді еңсеріп, қоғамның сан түрлі салаларында ұлттық мүдде үшін қызмет етіп жүрген мерейлі жандардың өнегелі әңгімелері оқырмандарды өмірді сүюге, мақсатқа талпынуға құлшындырды. Оқырмандардың тарапынан қойылған сұрақтарға риясыз жауап беріп, әсем әндер шырқалып, түйткілді түйін жасалды.