4 желтоқсан күні балалардың даму деңгейін көтеру, қол моторикасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Ертегі кейіпкерлері» тақырыбында тұзды қамырдан мүсіндеуден шеберлік сабағы өткізілді. Сабақты Арт-студия жетекшісі № 7 арнаулы түзету мектеп-интернатының оқушыларымен жүргізді.Сабақ барысында балалар тұзды қамыр жасау, оны түрлі түстерге бояу, өздері қалаған пішіндерін беріп, қатыру процесі арқылы мүсін шығаруды үйренді.