KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Өлкемнің сирек қазынасы» атты кітап көрмесі

10 желтоқсан күні кітапханада Сыр өңірі жайлы құнды деректері бар «Өлкемнің сирек қазынасы» тақырыбындағы  сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан  көрме ұйымдастырылып,  оқырман назарына ұсынылды.
Көрменің мақсаты - өлкетану кітаптары арқылы бүгінгі ұрпақты туған жердің қадір-қасиетіне жетуге, отаншылдыққа тәрбиелеу. Көрме елін-жерін танимын деген жас буын мен қалың қауымға арналды.
Көрмеге Н.Ановтың «Ак-Мечеть» тарихи романы, Ө.Әбдірахманның Ресей патшасы өкіметінің отаршылдық саясатына төтеп берген Сыр өңірінің ащы тарихы жайлы мұрағат деректері негізінде құрастырылған «Сыр өңірінің тарихы орыс деректерінде» жинағы, Т.Қартаеваның екі томдық «Сыр өңірі қазақтары: тарихи этнографиялық зерттеуі, А.Белокопытованың «Кзыл-Ординская область и ее административные районы» кітабы, В.М.Боровскийдің «Древняя Дельта Сыр-Дарьи и Северные Кызыл-Кумы» екі томдық монографиясы, Е.Ривлиннің: «Народное образование в Кызыл-Ординской области за годы советской власти» мұрағат деректер жинағы, Арал теңізі туралы зерттеу: «Труды лаборатории озероведения», «Ученые записки», И.П.Ивановтың «Верблюд и его изучение», П.М.Эренбургтің «Қызылорда қауындары», А.Тәжібаеваның «Ана даусы»  қойылды.
Көрмеден 1926-1929 жылдары Қызылордада басылып шыққан А.Байтұрсыновтың, С.Есованың, С.Сейфуллиннің, Ж.Аймауытұлының, С.Мұқановтың, О.Исаұлының, Ш.Иманбаеваның, О.Исаевтың, Т.Рысқұловтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Тоқмағамбетовтың, І.Жансүгіровтің, тағы басқалардың кітаптарымен танысуға болады.
10 декабрь 2024 г. 12:09
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x