KITAPKHANA.KZ
kz ru

Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты поэзия кеші

Облыстық кітапханада  2025 жылдың 20 ақпанында Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты поэзия кеші болып өтті.
Мақсаты: Абай шығармашылығының рухани-мәдени маңыздылығын жастарға танытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың шығармашылығын насихаттауға арналған поэзия кешінде  Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқырмандар нақышына келтіре оқып, әуелете әндерін орындады.
Шараға белсене атсалысқандар:  А. Байтұрсынов  атындағы  №211 орта мектебінің 1 «А» сынып  оқушылары Ә.Әбілсайт, З.Айназ, 5 «Б» сынып  оқушысы А.Азаматқызы,   Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп оқушылары  К.Асанқызы, Ж.Тимурқызы, А.Асубаева, А.Метикова, С.Баймаханова, А.Серёгина, Ы.Алтынсарин  атындағы №10 мектеп-лицейінің 7 «Д» сынып  оқушылары Н.Әбдікәрім, Б.Қанибай, №268 мектеп- лицейінің  оқушылары Д.Иманқұл,  Н.Бейсенбай, Ә.Өмірзақова,  А.Ділдахмет, А.Айтмұхамбет, Абылайхан  атындағы  №140 қазақ орта мектебінің 5 «В» сынып оқушысы А.Оспан,  Жамбыл атындағы №120 орта  мектебінің  9 «Ә» сынып оқушысы Е.Ермекбай,  Е. Әуелбеков атындағы  №4 мамандандырылған  мектеп-лицей-интернатының оқушылары Н.Бахытбек, А.Айдарбековтер болды.
 Хакім Абайға арналған «Кемеңгерліктің биік шыңы - Абай» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.
21 февраль 2025 г. 10:24
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x