KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Қайырымдылық - қайырлы іс» атты мерекелік кеш

19 ақпан күні облыстық кітапхана №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушыларына «Қайырымдылық - қайырлы іс» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.Мақсаты – қамқорлыққа зәру жандарға жақсылық жасау, жылы сөз, жүрек жылуын ұсыну,  рухани демеу беру.Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ән-жырдан шашу шашып, өлеңдер оқып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Орталықтың қызмет алушылары ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз.Шара соңында «Жақсы кітап - жан азығы» атты кітап көрмесі ұсынылды.


19 февраль 2025 г. 13:26
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x