KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Жаңа кітаптар – оқырман игілігіне» атты библиофреш

19 ақпан күні облыстық кітапханада  жаңа  кітаптар топтамасын таныстыруға арналған «Жаңа кітаптар  – оқырман игілігіне» атты библиофреш ұйымдастырылды.
Мақсаты – кітапханамызға келіп түскен жаңа әдебиеттерді насихаттай отырып, кітап оқу мәдениетін көтеру.
Көрмеге: ғалым Б.Иманғалиевтің мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновке арналған  «Нарком Темірбек Жүргенов» атты әдеби-публицистикалық мұрасы жинақталған еңбегі, Қ.Көшербаевтың «Зұлмат» кітабы, қазақ даласының тарихи оқиғалары мен аңыздарын баяндайтын А.Әбсадықтың «Ұлы дала аңыздары», мазмұны мен мағынасы жағынан мәдениет ескерткіші болып саналатын Ибн Синаның «Канон врачебной науки» еңбегі, неміс ғалымы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты ғылыми монографиясы, Ш.Шарапатұлының «Тынышпаев Мұхамеджан» кітабы, Б.Момынқұлдың «Момышұлы әлемі», Қайым-Мұнар Табеевтың «Ең соңғы майдан», Б.Қойшыбаевтың «Тәуелсіздік һәм зиялылар» атты зерттеу еңбегі т.б. кітаптар қойылды.
19 февраль 2025 г. 13:36
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x