KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Арулар әлемі» жобасы аясында «Ұршық ұмыт қалмасын» шеберлік сабағы

18 ақпан күні «Арулар әлемі» жобасы аясында «Ұршық ұмыт қалмасын» тақырыбына шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнерін қайта жаңғырту. Ұлттық қолөнердің асыл жауһары ұршықпен жіп иіруді қазіргі кезде де тиімді пайдаланып түрлі бұйымдар жасауға болатынын насихаттау.
Шеберлік сабағын №268 мектеп-лицейдің көркем еңбек пәнінің оқытушылары Сейлханова Гүлнұр, Пірекеева Маржан және Алдаберген Мархабат жүргізді. Жастарға ұршық құралының шығу тарихы, жасалу жолдарымен  оның ерекшелігі жүн иіргенде бойдағы күйзелістен арылып, сабырлыққа, шыдамдылыққа шақыратындығы жөнінде айтылды. Шара барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімдері жүнді ұршықпен иіргенде жіп пайда болып, одан түрлі бұйымдар тоқуға болатынын көрсетті.
18 февраль 2025 г. 13:41
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x