KITAPKHANA.KZ
kz ru

Жанға жайлы жүздесулер

25 ақпан күні кітапхананың тұрақты оқырман жастарының қатысуымен  «Жанға жайлы жүздесулер» жобасы аясында «сурет салғым келеді» тақырыбында еркін сабақ ұйымдастырылды.
Кітапхананың жайлы атмосферасында арт студия жетекшісі  қатысушыларға медитациялық сурет салудың техникасын көрсетті. Медитациялық сурет салу – сурет арқылы өз тәжірибесін жеткізуге және жағымсыз эмоциялардан арылуға мүмкіндік беретін, арнайы көркемдік дағдыларды қажет етпейтін сурет салу әдісі. Мұнда қарапайым сызықтар қолданылады, оларды салу оңай.
Шараға қатысушылар түрлі-түсті фломастер, маркерлерді пайдалана отырып, қарапайым пішіндерден: қылқалам штрихы, қарындаш немесе қарындаш штрихы, қарапайым графикалық нысан жасады.  Қызықты сабақ, рухани демалыс болды.
25 февраль 2025 г. 18:10
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:

0
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x