«Наурызым-тойлы нұрлы күн, елімнің сақта бірлігін» Этнографиялық думанның мақсаты - қазақ халқының ұлы мерекесі- Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт–дәстүрін бойларына дарыту арқылы шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ұлыстың Ұлы күнінде , келген жыл елімізге оңтайлы, тоқшылық берекелі мерекелі жыл болсын деген ниетпен шашу шашылды
Мерекелік думанға «Қызылорда құрылыс және бизнес», «Ұлағат-Қызылорда», «Өркениет» медициналық колледжінің студенттері белсене қатысып, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріміздің бірі келін түсіру, бесікке салу, тұсау кесер рәсімдерін сахналап ұлттық ойындарымен, оқырмандардың көңілін көтеріп ән мен жырға бөледі.
«Өркениет» медициналық колледжінің студенттері сахналаған қойылым ерекше көңілден шықты. Қатысушыларға арнап салт-дәстүрлерге қатысты, сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Заман өзгерсе де, ұлттық салт-дәстүріміз көнермейді, сонымен қатар жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Шашу шашылып, ақ баталар ақтарылған күн оқырмандар көңілінде тәрбиелік мән мазмұнымен ұзақ сақталары сөзсіз.
«Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты кітап көрмесі де қатысушы оқырмандар көңілінен шықты.
|