«Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз»Балалар әдебиеті бөлімі 18 наурыз күні «Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық акциясының басты мақсаты: қайырымдылық, мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі қайырымдылық - мүдделі, қіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Өз халқының салт-дәстүріне негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу; үлкенді құрмет тұтып, кішілерге қамқор бола білуге және қайырымды адамдардың өнегесін көпшілікке үлгі ету, оларға құрмет көрсету екендігін түсіндіру. Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі Наурыз мерекесі - Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн екенін түсіндіріп жеткізу, балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату;
Мерекелік шараға Талсуат елді мекеніндегі облыстық балаларға арналған психоневрологиялық интернатында емделуші балалар, тәрбиешілер, №187 Мұстафа Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары, ұстаздар қатысты. Балалар ән айтып, би биледі, №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің дайындаған мерекелік концертін тамашалады. Акция соңында кітапхана ұжымы балаларға сыйлықтар үлестірді.
|