Қазақтың көрнекті жазушысы І. Есенберлиннің « Қаһар» роман бойынша оқырмандар конференциясы.Биыл ата тарихты жазып, ұлт рухын оятқан арда жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Сонымен қатар дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қалың жұртшылық оқуына І. Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы таңдалды. Жазушының шығармашылығын насихаттау үшін Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қаһар» романы бойынша оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға«Болашақ» университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – С.Тайманова, филология ғылымдарының кандидаты Т. Медетбаев, Қорқыт ата атындағы мемлекеттіқ университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Айтбаева, оқушылар мен жасөспірімдер үйінің «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі З. Есмағанбетова және студент жастар қатысты. Конференцияның қонақтары қаламгердің шығармашылығы мен озық туындыларының ерекшеліктеріне тоқталып ой бөлісті. Жалпы алғанда жазушының «Қаһар» романы- қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңіне көркем түсінуіне көмектесетін елеулі тарихи шығарма екендігі конференция барысында толық ашылды. «Болашақ» университетінің студенттері роман бойынша қойылым көрсетті. «Аты әлемге мәшһур жазушы» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Жазушының шығармаларын насихаттауда кітапханада жыл көлемінде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылатын болады.
|