«Кітаптар қалашығына саяхат» 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай белгіленген, ал 1967 жылдан бастап аталып келеді. Балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсен биыл 210 жасқа толды.
Халықаралық балалар кітап күнін өткізудегі басты мақсат - оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінің ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы зор, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптарды күтіп ұстауға үйрету, балаларлы ертегі арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық маңызға ие Балалар кітабы күнін атап өту дәстүрге айналған.
2015 жылы 2 сәуір күні балалар әдебиеті бөлімі Кітаптар қалашығына саяхат» атты ашық есік күнін өткізді. Аванзалда «Кітаптар қалашығына саяхат»-«Путешествие в Книгоград» атты кітап көрмесі, «Ойлан, ізден, жасап көр»-«Твори, выдумывай, пробуй» атты көрме-хобби, «Кітап және жанұям – менің ең жақын достарым»- «Книга и семья – мои лучшие друзья» атты фото-сурет көрмесі ұйымдастырылды. Ашық есік күніне № 23 Ж.Қизатов, №264 мектеп-лицей және №12, №144 С.Әлжіков атындағы, №217 Б.Шалғынбаев атындағы және №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептердің оқушылары, ұстаздары және мектеп кітапханашылары қатысты.
Шараға қатысушылар №144, №217 орта мектептердің оқушылары дайындаған әдеби-сазды бағдарламасын тамашалап, №23 және №264 мектеп лицей оқушылары дайындаған қолдан жасалған заттардың көрмесімен танысты.
Бүлдіршіндерге «Балдырғандар» залында мультфильмдер көрсетілді. Шара соңында балалар өздері оқыған кітаптары және көргендері жайлы айтып ой бөлісті.
|