ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекелерін атап өту жалғасуда. Балалар әдебиеті бөлімі 9 желтоқсан күні «Кітаптар қалашығы шақырады» атты ашық есік күнін ұйымдастырды. Балалар кітапхана бөлімдеріне және «Тәуелсіздік» залына саяхат жасап, «Кітаппен бірге өсеміз», «Қазақстан – менің Отаным» атты кітап көрмелерімен танысты. «Білімді мыңды жығар» айдарымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды тапқырлар сайысын өткізді. Шараға №187 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің 6 «ә» және 6 «а» сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың білімділігін, тапқырлығын жан-жақтылығын бағдарлай отырып, білімдерін тереңдету, ойын тез жүйелеуге, шапшаңдыққа дағдыландыру. Сайыс «Бәйге», «Дода», «Жорға» кезеңдерінен тұрды. Шара қызықты және тартысты өтті.
|
История библиотеки
АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Май 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |