«Ортақ Жеңіс» атты фотокөрмеӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен бірлесе Жеңістің 70-жылдығына арналып, «Ортақ Жеңіс» атты фотокөрмесі өткізілді. Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Жеңіс үшін жан қиған американдық және қазақстандық ер азаматтар мен әйел аналардың құрметіне орай, Қазақстан Республикасы Үкіметімен әріптестік қарым - қатынас жасағанын мақтаныш етеді. АҚШ Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино – фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты және басқа да әріптестері берген материалдардың негізінде АҚШ дипломатиялық миссиясы осы «ұлы ұрпақ» өкілдерінің сирек кездесетін суреттерінің фотокөрмесін ұйымдастырып отыр. Іс – шараға Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің қоғаммен байланыс жасау кеңесшісі Чарльз Мартин қатысып, сөз сөйледі. Жиналған қонақтар АҚШ-тан келген «Ари Роланд» квартетінің өнерін тамашалады.
|
История библиотеки
АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Май 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |