KITAPKHANA.KZ
kz ru

«Мерген» -интеллектуалды ойын

    Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі жазғы демалыста  балалардың бос уакытын тиімді пайдалануға үйрету, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітапхананы насихаттау мақсатында  жаз бойы түрлі  шаралар ұйымдастырады. 
    3  маусым күні  №217 Б.Шалғынбаев атындағы  және №233 Ж.Нұрсеитов атындағы орта мектептердің «Күншуақ» және «Балдаурен»  күндізгі тынығу лагерлерінде   демалушы  балалармен  «Мерген»  -  интеллектуалды ойыны  өткізілді. Ойынның мақсаты: балалардың  ойлау қабілеттерін шыңдай отырып,  көркем әдеби тілде сөйлей білуге баулу, берілген тапсырмаларды шапшаң ойлап, нақты жауап беруге, тапсырмаларды орындау талабы бойынша ұжымдастыққа,  бірлікке тәрбиелеу, тапқырлық,  іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, ортақ ой түю, жан-жақты жетілген, білімді де, саналы еліне жұртына  адал  қызмет ете алатын өрелі ұрпақ тәрбиелеу. Ойын :  «Әдеби викторина»,  «Ұшқыр ой»,  «Логикалық сұрақтар»,  «Мақал- сөздің мәйегі»,  «Кім тапқыр?»  кезеңдерінен тұрды. Ойын тартысты және қызықты өтті. Шара  соңында  балалар  кітапхана бөлімдеріне  саяхат  жасап, мультфильмдер  тамашалады.

 



03 июнь 2015 г. 12:16
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x