«Г.Х. Андерсен ертегілеріне саяхат» -ертегі-шоу Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі 26 маусым күні «Г.Х.Андерсен ертегілеріне саяхат» атты ертегі-шоу өткізді. Шараға №198 орта мектептің «Планета детства» жазғы тынығу лагерінде демалушы балалар қатысты. Балалардың сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсен биыл 210 жасқа толды. Іс-шараның басты мақсаты: балаларды ертегішінің өмірбаянының қызықты деректерімен таныстыру, Г.Х.Андерсеннің шығармашылығына қызығушылықтарын ояту, эстетикалық талғамын дамыту, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін ашу.
Ертегі-шоу «Ертегіні басынан таны», «Суретшілер байқауы», «Түймедағы-викторина», «Ертегіні жалғастыр», «Жұмбақтар», «Кейіпкер портреті», «Капитандар сайысы», «Г.Х. Андерсеннің ертегісі қайсысы?», «Андерсен ертегілерінің кейіпкерлері» - кроссворд және «Үй тапсырмасы» («Түймеқыз» және «Бұршақ дәнін сезген ханшайым» ертегілерінен көрініс дайындау) атты сайыстардан тұрды. Шара барысында Г.Х.Андерсеннің өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетіліп, балалар «Ұсқынсыз үйрек» мультфильмін тамашалады.
|
Гости8
Роботы11
История библиотеки
В 1867 году в городе Перовске (ныне г.Кызылорда) была основана уездная библиотека. Организована она была передовыми прогрессивно настроенными людьми, высланными сюда царским правительством из центральных городов России за участие в революционном движении. С 1917 года по 1938 год бывшая...
Подробнее
АРХИВ ПУБЛИКАЦИИ
« Май 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 | 31 |