DataLife Engine > Жаңалықтар > «Жыр дариясына айналған ақын» (әдеби жыр сағаты)

«Жыр дариясына айналған ақын» (әдеби жыр сағаты)


4-02-2025, 17:07
Автор: akbota
4 ақпан күні облыстық кітапханада Сыр өңірінің абыз ақыны Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған дәстүрлі «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында өткізілген «Жыр дариясына айналған ақын» атты әдеби жыр сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты:Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шарада С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп лицейінің, А.Байтұрсынов атындағы  №211 орта мектебінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушылары сахналық қойылым қойып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ толағай ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетіп,  әннен шашу шашты.
Шара соңында «Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы» тақырыбындағы кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

Вернуться назад