4 ақпан күні облыстық кітапханада Сыр өңірінің абыз ақыны Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған дәстүрлі «Тәжібаев оқулары» апталығы аясында өткізілген «Жыр дариясына айналған ақын» атты әдеби жыр сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты:Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шарада С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп лицейінің, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектебінің, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушылары сахналық қойылым қойып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ толағай ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнеролик көрсетіп, әннен шашу шашты.
Шара соңында «Қазақ әдебиетінің қайталанбас тұлғасы» тақырыбындағы кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.

