DataLife Engine > Жаңалықтар > «Елім менің» атты интеллектуалды – танымдық ойын.

«Елім менің» атты интеллектуалды – танымдық ойын.


16-12-2014, 11:57
Автор: kitap

16 желтоқсан күні сағат 10-00де Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елім менің» атты интеллектуалды – танымдық ойыны оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, еліне, халқына адал қызмет етуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі ұйымдастырған интеллектуалды думанға қаладағы №197 орта мектептің 5 «ә» және 5»б» сынып оқушылары қатысты. Балалар «Атамекен» және «Тәуелсіздік тірегі» 2 топқа бөлініп «Түрлі-түрлі сұрақтар... ой түртеді», «Суреттер сыр шертеді тереңінен», «Көзқарас калейдоскопы» бейне сұрақтар, «Мақалдарды аяқтау» атты 5 асудан тұратын ойынға қатысты.

Сонымен қатар оқушылар Отан, туған жер және Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлеңдер оқыды. Шара қызықты және тартысты өтті.

«Елім менің» атты интеллектуалды – танымдық ойын.

Вернуться назад