16 желтоқсан күні сағат 10-00де Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Елім
менің» атты интеллектуалды –
танымдық ойыны оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, еліне, халқына адал
қызмет етуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында
ұйымдастырылды. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімі ұйымдастырған интеллектуалды думанға қаладағы №197 орта мектептің 5 «ә» және 5»б»
сынып оқушылары қатысты. Балалар
«Атамекен» және «Тәуелсіздік тірегі» 2 топқа бөлініп «Түрлі-түрлі
сұрақтар... ой түртеді», «Суреттер сыр шертеді тереңінен», «Көзқарас калейдоскопы» бейне сұрақтар, «Мақалдарды аяқтау» атты 5
асудан тұратын ойынға қатысты.
Сонымен қатар оқушылар Отан, туған
жер және Тәуелсіздік мерекесіне арналған өлеңдер оқыды. Шара қызықты және тартысты өтті.