KITAPKHANA.KZ
kz ru

ҚАБЫЛША ТОЛҚЫН

                                            

       Қабылша Толқын Шахарбекқызы (15.01.1980) – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының  және  Халықаралық Жазушылар

Одағының мүшесі. «Шабыт» Халықаралық Шығармашылық Фестивалінің жүлдегері. 1980 жылдың 15-қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі.

     «Жаныммен жалғыз кешкем мұң», «Жаңбырдағы сағыныш»жыр жинақтарының авторы. «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының редакторы, журналист-тележүргізуші. «Емен-Жарқын» «Маржан сөз», «Тіл таным», «Өмір-өлең», тікелей эфирдегі «Өмірдің өзі» хабарларының авторы әрі жүргізушісі. Республикалық, облыстық жыр-мүшәйраларының жүлдегері. Бірнеше өлеңдеріне белгілі сазгер И.Елубаева ән жазған. «Күз кеуде», «Жадымда», «Асыл әке» атты әндері шырқалып жүр.

    Ұлт руханияты мен мемлекеттік тілді насихаттауға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен (2014) марапатталған. Журналистика саласында «Жыл үздігі» номинациясы (2015), Республикалық «Үркер» әдеби сыйлығының поэзия номинациясы бойынша Гран-При иегері (2016). Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Көктем шуағы-2017» атты Қазақстан қыз- келіншектерімен болған салтанатты кездесуінде қазақ ақындарының атынан тіл қатып, жыр оқыған қаламгер (2017). БАКУ қаласында өткен Халықаралық поэзия фестивалінде Әзербайжан Жазушылар Одағының арнайы дипломымен (2018), Түркия Әдебиетшілер ұйымының «Достық» белгісімен (2018), «Қазақстан» ұлттық арнасының телевизия саласындағы мінсіз қызметі үшін «Құрмет» грамотасымен (2019), "Қорқыт ата" төсбелгісімен, Қызылорда қаласына 200 жыл мерекелік төсбелгісімен (2019), "Қайырымдылық тарихы" медалімен (2020)  марапатталған.

      Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауының журналистика жанры бойынша қайырымдылыққа қосқан үлесі үшін Гран-При сыйлығының (2020), "Тұран бірлігі" Халықаралық медалінің (2020) иегері.

Шығармалары

        Қабылшаева Т.  Жаныммен жалғыз кешкен мұң / Т. Қабылшаева. - Қызылорда : Тұмар, 2011. - 160 б.                                    

        Қабылша Т.  Жаңбырдағы сағыныш : Жыр жинағы / Т. Қабылша; Ред.:        

Саматұлы Н. - Алматы : Zaman print, 2016. - 112 б.

       Қабылша, Т. Осы бір сәт ұнайды / Т. Қабылша; ред.Қ.Бәкір. – Алматы : Дәуір, 2021. – 120 б.                                                             

16 март 2024 г. 15:17
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:
x