Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар Алатаудың Баурайында

Ә.Тәжібаев  атындағы  облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасында  «Тәжібаев оқулары» аясында Сыр топырағында дүниеге келіп Әбділдадай адуынды ақынды туған, жарты ғасырдай бұрын Асқар  Алатаудың  баурайында мәңгілікке бақилық  болған, ақын, аналардың анасы Айманкүл  Тәжібаеваның  шығармашылығына  арналған «Жыр анасы, ел анасы – Айманкүл» атты кеш өткізілді.

Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шараның  мақсаты – оқырман қауымға  ақынның  төл шығармаларын   таныстырып, насихаттау .Шара  барысына  жоғары  және  орта кәсіптік білім беретін оқу  орындарының  жас  ақындары  және  ақын  Қатира  Жәленова қатысып, Айманкүл ана жайлы өз естеліктерімен  бөлісті.

Мәдени  шарада  жас  оқырмандар ақын  өлеңдерінен, поэмаларынан үзінділер оқып , жас  ақындар  Айманкүл  ақынға  арнаған  жүрекжарды  өз  өлеңдерін арнады.

«Жұлдыз  шашқан  жырлар»  атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып, оқырмандар  назарына  ұсынылады.
13 июнь 2012 г. 03:38
2 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: