ONLINE жаңалықтары

 

   «Ауылда онлайн ақпараттық орталықтар құру»
    Қазіргі кезде елімізде кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында «Ауылда онлайн ақпараттық орталықтар құру» жобасы іске асырылуда.
     Жобаның мақсаты облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады. Сонымен қатар онлайн орталық қызметі - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге жалпы қоғамның, биліктің, бизнестің, БАҚ өкілдерінің аймақтағы ауыл тұрғындарының мәселесін шешуге және қоғамның дамуына барынша қолдау көрсетуге бағытталған.
Жалпы 2015 жылы Қызылорда облысы бойынша 10 ауылдық кітапханада, атап айтқанда Арал ауданы бойынша Шижаға, Қамбаш, Қазалы ауданында Жалаңтөс батыр, Өркендеу, Жалағаш ауданы бойынша «Мәдениет», «Аққұм», Сырдария ауданында Н.Ілиясов, Ақжарма, Шиелі ауданы бойынша «Еңбекші», «Сұлутөбе» ауылдық кітапханаларында осындай онлайн-орталықтар ашылып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін болады.
   Қазіргі таңда Қызылорда облысы әкімдігі және БҰҰ даму Бағдарламасы қолдауымен Жалағаш ауданының «Мәдениет», «Аққұм» ауылдық кітапханалары базасында бұл жоба өз жұмысын бастады.
Жобаны кітапхананың күнделікті қызметіне біріктіру, өзара байланыс қалай жасалады деген сұрақтарға жауап алу мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 2 күндік семинар – тренинг өтуде.
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары
ONLINE жаңалықтары


       Мәдениет ауылдық онлайн кітапханасында 23 ақпан күні Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Ж. Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты жыр сайысы ұйымдастырылды.
   Мақсаты: ақынның өмір жолы, ерен еңбегі туралы түсінік беру, өлең-жырларын жас ұрпаққа дәріптеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру, ұлттық асыл қасиеттер мен құндылықтарын бойына сіңіру.
     Жыр сайысқа 5, 6, 7 сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар бірінші бөлімде Ж.Жабаевтың өлеңдерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетіп жатқа оқыса, екінші бөлімде Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қойылған қызықты сұрақтарға жауап берді. Шара соңында 1орынды 7 сынып оқушысы Сайлау Аида, 2 орынды 6 сынып оқушылары Саветбек Асылзат пен Бақтыбай Айдана иеленсе, 3орынды 5 сынып оқушылары Алдаберген Айдана, Алтынбек Ақнұр және 6сынып оқушысы Қорғанбек Қарақат жеңіп марапатталды. Сайысты скайп бағдарламасы арқылы онлайн орталық кітапханалары тамашалады.

 

 


      Еңбекші ауылдық онлайн орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әйел – от анасы қоғам берекесі» атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты ақжаулықты аналарымызды, апа- сіңлілерді құрметтеу, өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге өнегелі тәрбие беру.

        «Ана – шаңырақ шуағы» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 

 

 

      Ақпанның 18-ші жұлдызында Ақжарма ауылдық модельді кітапханасында Ауған соғысының ардагері Достияров Әлсейтпен кездесу кеші болып өтті. Кешке тұрақты оқырмандар, мектеп оқушылары, мұғалімдер, мекеме қызметкерлері қатысты.

      Кештің мақсаты жастарды Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Кешті кітапханашы кіріспе сөзбен ашты. Кеш қонақтары ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Шараны жүргізушілер Ауған соғысы жайлы, жауынгерлердің ерліктеріне тоқталды. Кеш қонағы Ауған соғысының ардагері Ә.Достияров Ауған жерінде болған зұлмат соғыстың зардаптары, Кеңес әскерлері қаһармандық ерліктері жайлы сөз қозғап, сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапқан, із-түзсіз жоғалып кеткен бауырларымызды еске алып, шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


 

 

 

 

      

Іңкәрдария ауылдық онлайн орталығында ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жасқа толуына байланысты кітапхана, клуб қызметкерлері бірлесе отырып «Поэзия! Менімен егіз бе едің» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өткізді. Кештің мақсаты: ақынның өрісті ой, өшпес көркем мұрасын насихаттау, ақынды еске алу, оқушыларға ұлттық, адамгеншілік тәрбие беру, оқушының мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау. «Жыр жүрегі-Мұқағали Мақатаев» атты ақын шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өлеңдер оқып, ауыл жастары автордың әндерін шырқады.

 


 

Бисенбаев Медет  «Фариза қыз» әнінін орындауда


 

Мұқағали поэмасынан қойылым әнін орындауда

        

Іңкәрдария ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен эпик, айтыс ақыны, абыз жырау әрі жауынгер жыршы Жамбыл Жабаевтың 170 жасқа толуына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты поэзия кеші болып өтті.. Кеш өтетін орынға «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесі жасалып, шолу берілді.

Ақынның «Менің өмірім», «Әкеме», «Жамбылдың халық үшін қалған жасы», «Ленинградтық өренім» өледерімен қоса Жамбылға арнау өлеңдерін оқушылар жатқа оқыды. Әбдикаримова Жаннұр «Жыр алыбы Жамбыл», Қорған Нұрбибі «Жамбыл», Асанов Ақжігіт « Жамбылға арнау», Күмісбек Ақылжан «Жамбыл» атты тақырыптарда өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Поэзия кеші көңілді өтті.

 


 

«Жыр алыбы Жамбыл» атты кештің көрермендері

 

Кешке қатысқан мектеп оқушылары

18 март 2015 г. 10:34
0 просмотров
Добавить комментарий
Ваше имя: *
E-mail: *
Текст комментария:
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: